МАНАТ

lat: MANAT

з а т. 1. Барқыт тәрізді сырт киімдік бағалы шұға. Үйдің сырты қызыл-жасыл м а н а т п е н оюланыпты (М.Әуезов, Абай жолы). Босағасын борлатқан, Керегесін торлатқан, Тегеріші м а н а т т а н, Жібектен ызып бау таққан Үйге де кірер ме екенсің? (Дулат Бабатайұлы, Замана.). Көшпелі қазақ ауылдары бірнеше ғасыр бойы Орта және Орталық Азия немесе Еділ бойының қалаларына барып саудааттық жасаған. Онда дәулетті адамдар жібек пен м а н а т алың тоқылған жібек) сатып алатын болған (С.Мұқанов, Қазақ қауымы). // М а н а т т а н тігілген. Колхоз председателі екі ақынға да м а н а т шапан кигізіп, колхозшылар атынан алғыс айтты (А.Байтанаев, Шопан.). 2. Қалың тоқылған жібектен, бағалы шұғадан тігілген шапан. Астына жорға мінгізді, Үстіне м а н а т кигізді. Алшаңдатып сол жерде, Қызыл дәурен сүргізді (Қ.Жапсарбаев, Өлеңд.).