lat: MANAT
(ар. манат منات) – исламға дейінгі арабтардың сыйынған құдайының аты.
Маған үмбет болсаңыз, Бұл Манат сізге жоқ болар («Қисса Зарқұм». Бабалар сөзі. 12-том. 2005. 100 томдық).
Жүз батпан күрзісі бар қолдарында, Лат, Манатқа “қолда” деп жалбарынады («Қисса Салсал». Бабалар сөзі. 15-том. 2005. 100 томдық).
Лат, Манатқа сиынып тұра келіп, “Біреуің маған кел” деп шақырады («Қисса Салсал». Бабалар сөзі. 15-том. 2005. 100 томдық).