lat: MANEJ
[франц. manege] з а т. 1. Арнайы жабдықталған алаң, дала (ашық) немесе арнайы (жабық) ғимарат (аттарды үйрету, жарысқа жарату және атты спорт жарыстарына дайындық жүргізілетін, ветеринарлық көмек көрсетілетін). 2. Спорт алаңы. Қажымұқан күрес киімін м а н е ж г е шыққанда ғана киеді екен («Лен. жас»). Кеше Алматы физкультура институтының м а н е ж і н д е ауыр атлетикадан еліміздің командалық біріншілігінің жалауы көтерілді («Соц. Қаз.»). 3. ө н е р. Цирк сахнасы. 4. Жаңа жүрейін деп жүрген балаларға арналған қоршау. Баласын м а н е ж г е салып қойыпты (Ауызекі).