lat: MANOMETR
[грек. manos – сирек, metron – өлшеу] зат. физ. Сұйық пен газдың қысымын өлшеуге арналған құрал.
Шыраққа жіберілетін газдың қысымын бақылау үшін баллонға манометр орнатылған («Лен. жас»).
Серіппелі монометрде сұйықтық қысымы серпімді элементпен қабылданады, ал оның деформациясы арнайы механизм арқылы міндетті түрде градуирленген шеңберлі шкаланың алдында осьте айналып тұрған тіл көрсеткіші бойынша беріледі (Қаз. тілі термин. Су.).
Жұмыс істеу принципі мен сезімтал элементінің (алғашқы түрлендіргіштің) құралымына байланысты манометрлер сұйықтық, піспектік (поршенді), деформациялы немесе серіппелі (түтікті, мембраналық, сильфондық) болады (ҚҰЭ)