lat: MAQLUQAT , MAQULYQAT
(ар. махлуқат مخلوقات)
1. Мақұлықтың көпше түрі, тіршілік иелері.
Басуға жер, кіруге көр таба алмай, Жөңкіліп бар мақлұқат жүрді қашып («Хикаят Тәжілмәлік». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).
Сөз айтпай ата-тектен ұнаспайды, Адамнан еш мақұлықат құны аспайды («Сыздық Мәшімбайұлына». М.Жүсіп, І-том, 2003).
2. Жәндіктер (құрт-құмырсқа, бақа-шаян).
Қанқоректі мақлұқат , Қызыл көріп таласты («Әбуғалисина, Әбілхарис». Бабалар сөзі. 7-том. 2004. 100 томдық).
Жын, шайтан, пері, дәуден, адамзаттан, Айдаһар, аю, қабылан мақлұқаттан («Әбуғалисина, Әбілхарис». Дастандар, 1990).