lat: MAQPAL
зат. 1. Түкті әрі жұмсақ, қалың мата; барқыт.
Ақ тауға асылғанда ақ таң келіп,
Ашылған ақ шымылдық мақпал дерлік.
Ақ сәуле ұяма кеп ұйығанда,
Ақ таңға қанатымды қаққам келіп (2,220).
2. ауыс. Жұмсақ, көк майса шөп.
Жайғасып алып, жазира жазық мақпалда,
Келіншек – жастық базарлап барын жапқанда,
Абдырар еді алыстан қарап ақ таулар,
Бар тірлік тегіс мас болып жатқан шақтарға (1,136).
Пай, пай, шіркін, не жетсін
Сол бір сұлу шақтарға!
Омырауыңды ағытып,
Аунай кетсең мақпалға,
Одан артық бақ бар ма?! (1,149).