МАҚҰЛ

lat: MAQUL

мод. 1. Жақсы, жарайды, құп. Қамықпа дейсің, жарқыным, Қамықпан, мақұл, қамықпан. Қамыққан жүрек, ал тыным, Ал тыным, жүрек жалыққан (1,186). Мақұл дейін, бұл еңбекті бәрің дағы қостадың, Бірақ мұның кемшілігін көрмедіңдер, достарым (1,306). 2. Дұрыс, жөн, орынды. Бұл азапты, бұл арпалыс өмірде, Бір адамда бір дос болған мақұл-ақ. Өмір деген ию-қию көп егес, Мүмкін болса, мың дос табу көп емес (2,51). Тек сол жеңіл мұңның торығудан, түңілуден, бір кітапта бірнеше қайталанбаудан ақынның сақ болғаны мақұл (4,288).