МАРХАБАТ

lat: MARHABAT

[ар. مرحبات ] зат. 1. Iзгі ниет, жақсылық.

Мархабатты теріс деп кім айтады? Адамшылық сол дейді тамам зерек. Мейірім жақсы, зұлымдық жаман дейсің (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Жас бала бүрсең қағып шықса тысқа

Таба алмай еш мархабат ойнап тыста.

“Нан бер” деп мазалайды шешелерін Еріксіз “үй күшік” боп бұл байғұста (Б.Майлин, Шығ.).

2. Iлтипат, құрмет.

Жақыпбек тәйжі ит елінің бір топ зәңгі, залың ел ағаларымен бірлікте кәделі қонақтарымен сыртта қол алысып, көрісіп, “кәне, мархабат , үйге кіріңіздер” деп оң алақанын жайып ілтипат көрсетуде (Б.Құсбегин, Зуқа батыр).

Әмудің арғы бетінен

Арқалап келдім көп ойды.

Жүректің ыстық отымен,

Мархабат, қарсы ал,

Кегейлі! (Т.Айбергенов, Мен саған.).

Бақ, Дәулетке илікпеген шалқалап,

Аманды естіп таба алмады шал тағат.

Сусын тосып шөлдепк елген мейманға,

Жасады қарт өз әлінше мархабат (С.Мәуленов, Алыс кет.).