мейірімділік, аяушылық. Бұл мағынасы қазақ фольклорлық жырлары мен ескі қазақ жазбаларында жиі қолданылған. Шығармаларда «аналық мейірім», «әкелік мейірім» дегенді білдіретін «аналық мархабат», «аталық мархабат», «жалынды, сағынышты сәлем» ұғымындағы «мархабат сәлем», «мейірімді» дегенді білдіретін «мархабатты» сөздері жиі кездеседі. «Ізгі ниет, жақсылық» деген ауыспалы мағынада да қолданылады.