lat: MARJA
[франц. marge] зат. экон. Биржа тізімдемесінде көрсетілген биржалық тауарды сату мен сатып алу бағасының арасындағы айырмамен айқындалатын делдал табысы; несиенің белгіленген құнына нақты қарызгер төлеген үстеме. Кең мағынада маржа бағалы қағаздардың пайыздық мөлшерлемесі, бағамы, сатудың, сатып алудың, несиелендірудің бір мезгілдегі түрлі жағдайында тауарлар бағасы арасында орын алатын айырма (Қаз. тілі термин. Экономика.).