lat: MARJAN
(ар. маржан مرجان) – бағалы асыл тас (коралл).
Расулға дүр уа маржан, жауhар шашып, Бейіштен хор қыздары қылды тойды («Қисса Мұхаммед Расул Алланың дәрул пәниден дәрул бақиға рихлат еткен мәселесі». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).
Қасында қанша ханның баласы бар, Жамағат інжу, маржан , кеукер шашты («Әмірзада». Бабалар сөзі. 21-том. 2005. 100 томдық).
Алты үйдің біреуінен біреуі артық, Дүр, гауһар, інжу, маржан , лағыл, ақық («Қисса Қасым Жомарт». Бабалар сөзі. 4-том. 2004. 100 томдық).