МАРКЕР

lat: MARKER

1) (спорт) гольфте гриндағы доптың тұрған жерін көрсететін шеңбер; 2) (спорт) ойыншының соққыларын санап тұратын есепші; 3) мәтіндегі қандай да бір элементтерді белгілеуге арналған түрлі-түсті жазу құралы; 4) (спорт) пейнтболда сығымдалған газ негізінде жұмыс істейтін және де желатинді бояуға толы шарларды ататын пейнтбол қаруы. Помпалық, жартылай автоматты және автоматты түрлері болады; 5) (мұнай) мұнайдың маркерлік сорты; 6) (биол.) ДНҚ маркері; 7) (баспа) тізім маркері тізім элементтерін белгілеу үшін қолданылатын баспа белгісі. 8) (авиа.) ұшқышқа ұшып-қону жолағына дейінгі қашықтықты анықтауға көмектесетін бағдарлық-глиссадалық жүйе құрамындағы құрылғы.