МАРКСИЗМ

lat: MARKSIZM

зат. саяси. Ғылыми коммунизмнің теориясы мен практикасы туралы маркстік ілім қоғамдық дамудың жалпы және арнаулы заңдары туралы философиялық экономикалық теориялардың бірі.

Еңбектің шын маңызын, материалдық өндірістің бүкіл қоғамдық өмірдегі анық орнын алғаш рет марксизм ашып көрсетті (Қысқ. саяси экон.).

Марксизм қоғамдық жалпы және арнаулы заңдары туралы философиялық экономикалық және саяси ілім (ҚҰЭ). Марксизмнің теориялық қайнар көзі: классикалық ағылшын саяси эконо-микасы (А.Смид, Д.Рикардо), классикалық неміс философиясы (Гегель, Фейербах), француз утопиялық ілімі (Ш.Фурье, Р.Оуэн, Сен Симон).

Осы үш қайнар көздің негізінде марксизмнің үш құрамдас бөлігі тұжырымдалды, олар: саяси экономия, диалектикалық және тарихи материализм, ғылыми коммунизм (ҚҰЭ).