МАРМЕЛАД

lat: MARMELAD

[франц. marmelade] зат. тамақ. Картоп ұны мен жеміс шырыннан жасалатын кондитерлік тәтті тағам.

Шетеннің бүлдіргенінен кисель, варенье, повидло, мармелад, джем, шырын, тәтті сироп жасауға болады (С.Сұбханбердин, Дәрі дауа.). Мармелад мәселесін балалар жақсы біледі екен, ауыздарын тамсанып, емешесі құри сөйледі («Қаз. әдеб.»).