МАРШРУТ

lat: MARSHRÝT

[нем. Marschrute] зат. Әскерлердің, теңіз күштерінің, авиацияның, көлік құралдарының күнілгері белгіленген жүріп өту жолы немесе қозғалысының бағыты.

Маршрут картада жүріп өтетін негізгі пунктерді немесе азимутты көрсету арқылы белгіленеді (ҚҰЭ).

Маршрутты қозғалыс мақсаты мен қалыптасқан жағдайға байланысты аға бастық тағайындайды (Қаз. тілі термин. Әскери.).

Өмір деген ап-ащы ермен бе еді!

Қайда адамның жиғаны,

Тергендері?! Сұрақтарды арқалап жауабы жоқ,

Маршруттар қысқарды серуендегі (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

2. инф. Графтың екі төбесінің арасындағы жол.

Маршрут есептеу желісінің тораптары мен терминалдарының арасындағы хабарламаны жеткізу жолы (Қаз. тілі термин. Информатика.).

3. инф. Жинақтауыштың логикалық атау мен файлды қайдан іздестіру керек екендігін көрсететін өзара бағыңқы каталог атауларының тізбекшесінен тұратын белгі (Қаз. тілі термин. Информатика.).