МАШИНАЛАН

lat: MASHINALAN

ет. Мәшинемен жабдықталу, техникамен қамтамасыз етілу.

Шаруашылық бұрынғы екі соқыр соқпағынан қазіргі машиналанған жаңа жолға салы-нып, машина жасайтын үлкен өнер дүкендері құрылып жатыр (С.Сейфуллин, Шығ.). “Колхоздың шаруасы машиналанған, малдың жем-шөбі баптанған мәдени ауыл болады”, дегенде, алда отырған екеуінің мойнына суық су құйылғандай төмен салбырады (I.Жансүгіров, Шығ.).