lat: MASHINALY
сын. Мәшинелі. 1. Көлікті, көлігі бар.
Мен ағаш арасын паналап, жолдан көз алмай, өтіп бара жатқан машиналы, ат-көлікті адамдарға көз жіберіп тұрдым (Ж.Жұмақанов, Үш бәйтерек).
2. Мәшинемен, техникалық құрылғылармен жабдықталған.
Ол тек қана еңбек құралының дамуының жаңа сапалық белгілерімен, машиналы өндіріске жетудің жолдарымен белгіленеді («Зерде»). Бүкіл жер шары машиналы ландшафтыға айналды. Автоматты түрде заттарды тұтынудан бастап, арысы табиғаттың тираны, берісі ішкі жан-дүниені бағындырып-басынып, былғап-былықтырып, адамды машинаның құлы етті («Жас қазақ»).