МАШИНИСТКА

lat: MASHINISTKA

зат. Әріптерді теруге арналған шағын механикалық құралға қолжазбаны басатын адам, әдетте, әйел адам.

Өмірді терең зерттемейсің, достым. Жеңіл жазасың, мақалаларды машинисткаға жатқа соғатыныңды... деп, ол алдындағы қағазын жинастыра бастады (С.Адамбеков, Қожанасыр.). Мен Мухинге телефон соқсам: Мухиннің әйелі ауырып қалаға кеткен, деді машинистка әйел (С.Адамбеков, Қожанасыр.).