lat: MASHYQTANÝ
Машықтан етістігінің қимыл атауы.
Дағдыға машықтану үшін алдын ала қабылдай алу қабілетінің болуы, мәселен, машинистка тексті көшіргенде, әрдайым оның көзі алға жүгіріп, қолынан озып кетіп отырады (К.Жарықбаев, Психология). Өнерге ыңғайлы болу үйренумен, машықтанумен жүре табылмайды. Адам іштен туа өнерге икем бола туады (Ж.Аймауытов, Шығ.).