МАСКҮНЕМДІК

lat: MASKÚNEMDİK

зат. псих. 1. Ішкілікке салынушылық, араққұмарлық.

Бір рюмкадан басталар маскүнемдік,

Наша үстіне нашаға өрлей-өрлей.

Ойласаң, соның бәрі бір құмарлық

Қуа бермей қайтеді тепши-терлей (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Пайдасыз дау, өсек пен қулық, сұмдық,

Бұл сөздерді келеді жаттағымыз.

Ұйқы, еріншек, надандық, маскүнемдік, інжуді су моншаққа сатпағымыз (Ә.Найманбаев, Шығ.).

2. псих. Ерік-жігері босаң, өзінің сана-сезімін, ар-намысын қастерлемейтін адамның жиренішті қасиеті.

Маскүнемдік адамның айналасымен қарым-қатынасы дұрыс қалыптаспайды, қабылдауы мен ойлауы бұзылады, есте сақтау қабілеті нашарлайды, өмірге көзқарасы өзгеріп, өзіне сын көзбен қараудан қалады (Қаз. тілі термин. Педагогика.).

3. ауыс. Алабұртпалық, желөкпелік.

Мансап сүйгіштік, мақтаншақтық, ашуланшақтық, өтірікшілік, осыған ұқсаған әрбір маскүнемдікке тартып, құмар қылып, ақылдан шығарып жіберетұғын нәрселер осы екеуінен болады (Абай, Тол. жин.).