МАССА

lat: MASSA

[лат. massa] зат. 1. физ. Материяның инерциялық және гравитациялық қасиетін анықтайтын физикалық шама, көлем.

Табиғаттағы сутегінің бөлшектері әртүрлі химиялық қоспалардың құрамына кіріп, мұнда олардың ең басты массасын жасайды (Ж.Жатқанбаев, Су.).

«Заттар массасының сақталу заңы» деген тақырыпты оқытқанда да, заттар массасының жойылып кететіндігін, олардың бір формадан екінші формаға ауысатындығын ғылыми тұрғыдан тәжірибе арқылы дәлелдеп көрсеткен («Қазақст. мұғ.»).

2. хим. Иленген балшық тәрізді қоймалжың, зат, қоспа.

Коллоид күкірті түсі сары, әбден майдаланатын паста тәрізді масса, құрамында 70 процент күкірт және 30 процент су болады (Ж.Лұқпанов, Химия.).

3. экон. Тауарлардың мөлшері (тауар, ақша массасы, конкрустық масса).

Масса топтамалардың құнын, шамасын, салық салу базасын, т.б. анықтау үшін пайдаланылатын тауарлардың аса маңызды сипаттамаларының бірі.