МАСШТАБТЫ

lat: MASSHTABTY

сын. геогр. Масштабы бар, масштабы көрсетілген.

1942-43 жылдары М.А.Глазковская Шығыс Қазақстан облысының топырағын зерттеді және әртүрлі масштабты карталар жасады (Н.Баяндин, Өзен алқабы.). Ұсақ масштабты схемалық жалпы шолу карталары (1:500 000 не одан да ұсақ) үлкен аймақтардың жалпы гидрогеологиялық және инженерлік геологиялық жағдайларын көрсету үшін жасалады (К.Сапарбайұлы, Геология.). Iрі масштабты (масштабы 1:50000 не біраз ірілеу) карталар әртүрлі шаруашылық тұрғысынан алғанда болашақта игерілетін жеке аудандардық геологиялық жағдайларын көрсетеді. (К.Сапарбайұлы, Геология.).