МАТА

lat: MATA

(ар. мата متاع)   

1. Өнім, бұйым, зат.

2. Ауысп . Атлас, шәйі, жібек, т.б. бұйымдардың жалпылама атауы.

Базарда бар ақ мата, Ойнақтайды жас бота, Бұл сөзімде жоқ қата («Қобланды батыр». Ақсауыт. І том. 1977).

“Бес мата мен бір шапан, Бересің, деген, Бараққа,”Хиуа ханның пәрмені («Барақ батыр». Бабалар сөзі. 60-том. 2010. 100 томдық).

Әр түрлі қымбат баға матаны алып, Түйемнің жүгін біт қып қайтсам жарар («Жетім көдек». Бабалар сөзі. 1-том. 2004. 100 томдық).