lat: MATEMATIKALYQ
[лат. matchematical] сын. Математикаға тән, математикаға қатысты.
Оқушыларды қосымша әдебиеттерді оқуға бағыттаушы жұмыстардың бірі – оларға математикалық шығарма, реферат жаздыру («Қазақст. мект.»).
Грек пен үнділердің математикалық мәдениетінің мұрагері біздің жыл санауымыздан кейінгі VII ғасырдағы Араб халифаты қоластындағы халықтар болды. Бұл халықтардың ішіндегі мәдениет тарихында өте-мөте маңызды рөлді атқарғандары Орта Азияны мекендеуші халықтар (О.Жәутіков, Жаратылыстану.).