МАТЕРИАЛИЗМ

lat: MATERIALIZM

[лат. materialis] зат. филос. Материя, табиғат, болмыс алғашқы, ал сана, рух ой туынды (екінші) деп санайтын, идеализмге түбірінен қарама-қарсы ғылыми философиялық бағыт.

Материализм адам санасын, ойын сыртқы дүниенің бейнесі деп қарастырып, дүниені танып білуге болатынын дәлелдейді (ҚСЭ). Материализм мен идеализмнің қарама-қарсылығы таным мен қоғамдық практиканың барлық салаларында, қандай да болмасын мәселелерді қарастырғанда айқын көрінеді (ҚСЭ).