МАТРОС

lat: MATROS

[голл. matros] әск. зат. Әскери теңіз флотындағы ең кіші әскери атақ, теңізші.

Теңіз кеме офицерлерінің де, матростарының да киім формалары жақсы келеді екен (Б.Момышұлы, Шығ.). Балтық флотының матросы Алексейдің ролінде ойнаған Тұрысжан Айнақұловтың ойыны да айтуға тұрарлық («Қаз. әдеб.»).