lat: MAVZOLEI
[лат. mausoleum] з а т. с ә у л е т. Кесене ( қабір үстіне тұрғызылған монументті құрылыс).
Статистикалық дерек бойынша діни мерекелер мен атаулы күндерде Иранның түпкір-түпкірінен және шығыстың басқа елдерінен Мешхед қаласына қажылыққа келгендердің саны 2-2,5 миллионнан асып кететін көрінеді. Ал бір Мешхедтегі имам Реза мавзолейінде үш мың адам жұмыс істейді (“Парасат”).
Саттардың бұдан былайғы өмірі Түркістан шаһарымен тығыз байланысты өріледі. Оған айрықша әсер еткен зәулім ескерткіш – Қожа Ахмет Иассауи мавзолейі (“Зерде”).
Самарқантта Ақсақ Темірдің анасының мавзолейі бар екен (Ж.Алтайбаев, Ұят-ай).