lat: MAZÝT
з а т. т е х. Мұнайдан керосинді, бензинді және газолинді айырып алғаннан кейінгі қалдық май.
Мазуттың физикалық қасиеттері мен химиялық құрамы бастапқы мұнай құрамына (парафинді, күкіртті, шайырлы т.б.) және жеңіл фракцияларды бөлу әдістеріне байланысты болып келеді (ҚҰЭ).
Угрюмовтың бетінің алдынан қарабай қалқанына мазут тамған жаман кепкесін сілтеп қалды (I.Есенберлин, Шығ.).