МЕҢГЕРУ

lat: MEŃGERÝ

зат.лингв. Сөз тіркестеріндегі бағыныңқы мен басыңқы сыңарлардың іліктен басқа септік жалғауларының бірінде тұрып байланысатын синтаксистік байланыс.

Меңгеру д е сөз тіркесіндегі сөздердің бағыныңқы сыңары басыңқы сөзбен септік жалғаулардың бірінде (іліктен басқа) тұрып байланысады (ҚСЭ). Меңгеру әртүрлі қатынаста жұмсалып, түрлі мағыналарды білдіреді (Қазіргі қазақ тілі). Меңгерудің бағыныңқы сыңарлары барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік тұлғалары арқылы басыңқы сыңармен байланысады (ҚҰЭ).