МЕ

lat: ME

шыл. Ма демеулігінің жіңішке түрі.

Ақыры, көп тілеуі көл болып, сол азаматтарымыз аман-есен биыл елге келмеді ме? (I.Жансүгіров, Шығ.). Сырттан қараған біреу болса «әй, есер жастық, жігітке біткен дөкір мінез-ай, бүйтіп аттандырғаның да бар болсын!» дер ме еді, әлде қайтер еді (Ғ.Сланов, Домбыра.). Мен де желдей аласұрам, Жаңбыр өтсе төбемнен. Сол бұлттардың арасынан, Күліп шыға келер ме ең (Т.Молдағалиев, Қош.).