МЕДРЕСЕ

lat: MEDRESE

[ар. مدرسة ] зат.діни. Мұсылман елдеріндегі IX ғасырдан бастап діни қызметкерлер, мұғалімдер, сондай-ақ Таяу және Орта Шығыс елдерінде мемлекеттік аппарат қызметкерлерін даярлайтын, орта немесе жоғары білім беретін мектеп.

Жаудан қашқан босқын жұрт ешбір әкімнің рұқсатынсыз медресе, мешіт секілді кең жайларды иемденіп алған (О.Сәрсенбаев, Сағым). Балалар түскі тамаққа шыққанша,медресе маңайында ойнап жүрдім де, түсте солармен бірге ауылға келдім (Б.Тұрсынбаев, Айнымас.). Мұғалімдерді көтермелейтін ұлттың басшылары оларды ондай істерге қоспай-ақ, тұрмыс жағын толықтырып медресе, мектептерден шығармау керек деп білемін (Абай, Тол. жин.).