МЕДРЕСЕ

lat: MEDRESE

конфессиональды мұсылман орта мектебі. Медреселер VII-VIII ғасырларда арабтарда пайда болды, IX және X ғасырларда Таяу және Орта Шығыс елдерінде таралды. Медреседегі ғылымдардың толық курсы төмендегі пәндер құраған: арабизм (лексикография, этимология, синтаксис, риторика, тарихты қоса алғанда), дінтану және заңтану, философия (логика, математика, география, астрономия, медицина, жаратылыстану ғылымдары).