lat: MEGAFON
[грек. megos – үлкен, франц. phone – дауыс, дыбыс] зат. Дауысты зорайтып, күшейтіп естірту үшін ауызға тақап сөйлеуге пайдаланылатын конус пішінді түтік, рупор.
Мегафон іздеп, алдында бізді қонақ еткен экскаватор заводына адам жібердік (С.Бердіқұлов, Жұмыр жер.). Мойнына асқан мегафонында дамыл жоқ, бірде атқа, бірде машинаға мінеді (Дала шұғыласы). Мегафон дыбыс толқындарын белгілі бір бағытқа шоғырлап тарататындықтан, қашықтан жақсы естіледі (ҚСЭ).