МЕХАНИЗМ

lat: MEHANIZM

зат.1. Мәшинені қозғалысқа келтіретін күш, тетік, мәшиненің ішкі құрылысы, оның бөлшегі.

Су қайнатылып, бу машинаның цилиндрлеріне түседі де, цилиндрдегі поршеньдерді ығыстырып, машиналардың механизмдерін жүргізеді (Ж.Жатқанбаев, Су.). Ол он саусағынан өнер төгілген шебер, қандай механизм болса да тілін, тетігін ұға қоятын алтын қолды адам (С.Бақбергенов, Белгісіз солдат).

2. Мәшине, техника. Көшеттермеханизмнің көмегімен қойылады (М.Ахметов, Егін қорға.). Қол күшін енді аз жұмсаймыз, механизмге көбірек сүйенеміз (Ә.Жәмішев, Дала.).

3. а у ы с. Мемлекеттің ішкі құрылысы, жүйесі. Конституцияның мәні оның құқықтық реттеу мемлекеттік механизмін қалыптастыру мен бекітуінде және құқықтық жүйедегі заң болуында («Егемен Қазақстан»).