МЕХАНИЗМ

lat: MEHANIZM

        зат. 1. Машинаны қозғалысқа келтіретін (түсіретін) техникалық тетіктер жиынтығы.

Жырдың әр шумағы сағат механизмі тәрізді, бірін-бірі қозғалтып, бірін-бірі жебеп, бірде-бір артық я кем дыбыссыз бірқалыпта соққан жүрек сияқты (4,312).

     

       2 . ауыс. Бір нәрсенің ішкі құрылысы, жүйесі . «Домбыра» тақырып пен тақырып, шумақ пен шумақ, жол мен жол бірігіп, бір механизм құрып, белгілі бір басқару жүйесіне бағындырылуымен де құнды (4,256).