lat: MEHNAT
[ар. محنت ] з а т. Ауыр азап, бейнет, қиыншылық.
Ұғып ал, ғар.п адам, менің сөзім, Кезерсіз мехнатпенен жердің жүзін Зир шаһары деген жер осы болар Айтайын тағайындап оның өзін («ДУГ»). Ойлама алғыс, абырой аламын деп Пайдасы құр мехнат еткенменен (А.Байтұрсынов, Шығ.). Қатын алмайын десең тағы болмайды. Киміңді біреуге жуғызып, біреуге тамақ істетіп, төсекті жиып жүру артық мехнат (Ж.Аймауытов, Шығ.). Намаздыгер шамасында оңашаланып, құйқылжыта шапқанда күні бойғы ауыр еңбектің мехнаты естен шығып кетуші еді (Т.Әлімқұлов, Ел мен жер).