Мактаб (парсыша, түрікше мектеп) — жазу жазатын жер, бастауыш мектеп; жазу столы, кабинет, кеңсе, бюро. Бастауыш ("құрандық") мектеп термині ретінде қолданылатын мектеп құттаб терминінің баламасы. Мектепте 5 жастан басталатын бастауыш, ал құттабта 10 жастан басталатын одан кейінгі білім берілген. Мектеп сөзі көбіне османдық Түркияда, Еділ бойында, Қырым мен Орта Азияда қолданылды. Ал араб елдерінде ол басқаша аталды (кұттаб).