lat: MEKTEP /46/
зат. 1. Бастауыш, орталау және орта дәрежелі білім беретін оқу орны.
Мектебім – айтар әнім,
Сан рет қайталадым.
Өзіңнен алғанымды
Өзіңе қайтарамын (3,284).
– Қызықсың, Бағдат. Мектеп бітірдің, қалаған оқуыңа түстің. Оны да бітірдің (4,225).
2. Осындай оқу орнының ғимараты .
Кетіп жатыр біреудің бауырласы,
Біреудің бас иесі, ауылдасы.
Қаңырап, мелшиіп тек қарап тұрды,
Бітпеген мектептердің қабырғасы (1,257).
Мектебің мынау, класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығарсың (3,272).
3. ауыс. Өмір тәжірибесінен алатын білім, өнеге, үлгі.
Баяғыдай күндерім түнге ұласқан,
Түнді сүйем... Сүюші ем түнді жастан.
Өмір деген мектепті бітіре алмай,
Көше алмай-ақ келемін бір кластан (3,82).
Ол үлкен мектептен өтіп, үлкен даярлықпен келді (4,255).