МЕЛДЕК

lat: MELDEK

зат.көне. Кеңірдек, тамақ.

Мейлі, ішсін, жесін, ет пен қымызды мелдегінен келтіріп, ауыздарынан шығармасам, атым өшсін (С.Жүнісов, Ақан сері).

Асыл шөп, жасыл шықтың иісі аңқып,

Батқандай мелдегінен нұрға қалқып (С.Торайғыров, Шығ.).

Өтірік қияпазданып, мелдегінен шыға тойып, ықылық атып отырған адамдай, қолымды тамаққа батыра алмаймын (С.Жүнісов, Өшп. іздер).