lat: MELDEKTE
ет. 1. Қатты тою, аузы-мұрнынан шыға ішу.
Қымызға мелдектеген екі жігіт шаңқай түсте атқа қонды (Т.Әлімқұлов, Сырлы наз). Албан – мейман келсе мелдектеп, берекесі кіре түсетін қонақжай ел (Ш.Мұртазаев, Қызыл жебе). Ол үшін ілкімді, ұшқыр атқа мініп, әбден мелдектеп тойған бүркітке ең ұрымтал деген иек артпадан тұтқиылда қосылып береді (А.Сейдімбеков, Аққыз).
2. Лықа толу. Жемсауы мелдектеген қыран, аң ұстап, өзі тояттаған төңіректен еш уақытта ұзап кетпейді (Ә.Көшімов, Жас аңшы).