МЕЛЬХИОР

lat: MELHIOR

зат.кен. Күміске ұқсайтын мыс пен никельдің қосындысынан тұратын қымбат металл.

Мельхиор механика тетігін, медицина аспабын жасауға пайдаланылады (Қаз. тілі термин. Кен.). Мельхиордің механикалық қасиеттері, жылу және электро өткізгіштігі жоғары, тұщы және мұхит суларында коррозияға (жемірілуге), тотығуға өте төзімді, суықтай және ыстықтай жақсы өңделеді (ҚҰЭ). Мельхиор тотығуға төзімді, суықтай және ыстықтай түрінде жақсы өңделеді; машина, кеме, ыдыстар жасауда, зергерлік жұмыстарда қолданылады (Қаз. тілі термин. Химия).