lat: MELIORASIaÁ
[лат. мelioratio – жақсарту] зат.сушар. Жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы.
Мелиорация дегеніміз – шалшық суларды құрғату, ұсақ құмдарды бекіту және басқа жолдармен ауылшаруашылығына пайдалану үшін жерді негізінен жақсарту («Білім және еңбек»). Мелиороцияның Қазақстан үшін айрықша маңызы бар («Жас Алаш»). М е л и о р а ц и я н ы ң ішіндегі ең көп тараған түрі су мелиорациясы (ҚҰЭ. Мелиорация – суландыру, құрғату, орман мелиорациясы, агромелиорация, химиялық мелиорация және т.б. болып бөлінеді (ҚҰЭ). Мелиорация объектілеріне: жалпы ландшафт және оның жекелеген бөліктері (топырақ, шабындық, суқоймалар және т.б.) жатады (Қаз. тілі термин. Су).