МЕЛИОРАТИВТІК

lat: MELIORATIVTİK

сын.сушар. Жерді суландыруға қатысты.

Шудың оң және сол жақ беткейлерінде суартуға жарамды 62 мың гектардай жер бар, оның жарымы күрделі мелиоративтік шараларды қажет етеді (Е.Жамалбеков, Суармалы.). Ең алдымен совхоздың жерді суландыру және мелиоративтік жұмыстарын техникамен жабдықтау керек (М.Әмірғалин, Биязы жүн.). Шаруашылық басқармасы мелиоративтік жұмыс жоспарының дұрыс орындалуын үнемі қадағалайды (М.Тайыров, Балқаш.).