lat: MELODIaÁLYQ
сын. Мелодияға тән, мелодияға қатысты, сазды.
Олардың музыкалық характеристикалары тек мелодиялық жолмен емес, оркестр мүмкіндігінде, гармониялық суретте, интервалдық өрістеу не интонациялық тоқырау арқылы беріліп отырады (А.Жұбанов, Мұқан Төлебаев). Әннің мелодиялық негізі байыды, оған жазылған өлеңдердің мазмұны тереңдене түсті (I.Омаров, Серпін). Композитор өнерінің бір кереметі – осы мелодиялық синтезде ме деп ойлаймыз («Қаз. әдеб.»).