МЕМБРАНА

lat: MEMBRANA

зат.физ. Дыбыс тербелісін білдіретін металдан істелген жұқа, серіппелі табақша.

Қысым көп болғанда металл мембраналар қолданылады (К.Айманов, Физика.). Эритроцит қабықшасынан тек қана таңдаулы заттар өте алатын болғандықтан, оны жартылай өткізген мембрана деп есептейді (Т.Айтбаев, Қан. қасиеті). Неғұрлым интеграл белоктар көп болса, мембрана өткізгіштігі де жоғары болады, өйткені олар әртүрлі заттарды «танып» байланыстырады және сұрыптай тасымалдануына ықпал етеді (Қаз. тілі термин. Биология).