lat: MEMLEKETTİK
сын. Мемлекетке тән, мемлекетке қатысты.
Мемлекеттік билік жүйесінде мемлекет басшысы, оның жоғарғы лауазымды тұлғасы болып та-былатын Қазақстан Республикасының Президенті ерекше орын алады («Егемен Қазақстан»). Елімізде көлемі жеті жарым миллион гектар жерді қамтитын тоқсан екі мемлекеттік қорық бар (Қазақст. аң байлығы). Идеология, әсіресе, мемлекеттік идеология, қоғамды ыдыратпай біріктіруге, әлеуметтік жікшілдікке, кеселге, ақыр соңында ұлттық, мемлекеттік апатқа қарсы күреседі (А.Айталы, Ұлттану).