1) 1906-1917 жылдар Ресей империясындағы мемлекетті басқарудың конституциялық монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. Мемлекеттік Дума бірінші орыс төңкерісі нәтижесінде демократиялық даму жолындағы өзгерістерді енгізуге мәжбүр болған Ресей патшасының 1905 ж. 17 қазанда жариялаған манифесі негізінде құрылды. Мемлекеттік Дума төрт рет шақырылды. Қазақ халқы онын тек екеуіне қатысты. I және II М.Д-ға қатысқан қазақ депутаттары Ресей парламентіне өз аймақтарының көкейкесті мәселелерін жеткізуге тырысты; 2) Ресей Федерациясының екі палаталы Жоғарғы Заң шығарушы органының төменгі палатасы.