lat: MEN /1439/
есім. Бірінші жақты (сөйлеушіні) білдіретін жіктеу есімдігі .
Мен соғысты көргенім жоқ,
Көргім де жоқ, көрмедім.
Соғыс ойынын ойнайтынмын,
(балалардың ермегі).
Қару алып, қан майданда,
Қас жауыма төнбедім,
Көрдім бірақ жесірлердің,
Жетімдердің еңіреуін (1,239).
Мен сені ұнатамын, дегенменен,
Басқадан көрмегенді сенен көрем.
Өз обалың өзіңе, өзіңнен көр,
Бір күні ғайып болсам егер де мен (3,171).