жеке «Мен» түсінігінен алынған, ұйымдастырылған когнитивті құрылым. Бұл құбылыстың бес функциясын бөліп көрсетеді: өзіндік жекелікті анықтау; өз қызығушылықтар, симпатиялары мен антипатияларын анықтау; жетістікке жетудегі мақсаттарын анықтау; орталығында индивидтің өзі бар қатынастар жүйесін анықтау: өзін-өзі бағалау. Мен тұжырымдамасы адамның қоршаған ортамен әрекеттесуі негізінде қалыптасқан, өзін-өзі қабылдаудың, өзінөзі түйсінудің, өзін-өзі субъект ретінде анықтаудың тұрақты жүйесі. Ол салыстырмалы тұрақты, көптүрлі Мендерден, адамның өзіне бағытталған бағдарларынан тұрады. Жүйе ретінде мен тұжырымдама тұлғаның өзінеөзі жағымды қатынас негізінде іске асатын, өзін-өзі таныту процесінде дамып, жетіледі. Мен тұжырымдаманы жүйелі зерттеген психолог-ғалым Р.Бернс. Мен тұжырымдаманың келесі құрауыштарын бөліп көрсеткен: когнигивтік, яғни адамның өзі жөніндегі білімдері; эмоциялық өзінің психологиялық көңіл күймен, өмірлік жағдайымен қанағаттану дәрежесі; бағалаулық, яғни тұлғаның өзі жөніндегі білімдері негізінде өзінөзі танып, білуі. А.В.Иващенко мен тұжырымдамасын тұлғаның ішкі дүниесінің негізгі өзегі, адамның тұлғалық дамуының нәтижесі ретінде қарастырған. Мен тұжырымдаманың реттеу, бейімдеу, қорғаныс, талаптану және өзін-өзі көрсету сияқты қызметтері іс-әрекетті, танымы, қарым-қатынасты, мінез-құлықты мақсатқа бағытталған түрде ынталандыруға және реттеуге, тұлғаның өз-өзіне және сыртқы дүниеге қатынастарының үйлесімділігін табуға бағытталған.