МЕНИНГИТ

lat: MENINGIT

[грек. meningos ми қабығы, it is қабыну] з а т. м е д. Менингоккок инфекциясының салдарынан ми мен жұлын қабығының қабынып ауруы.

Адамның басы айналып, көзін аштырмай қоятыны менингиттің бірден-бір белгісі (Е.Оразақов, Туберкулез.). Минингитке шалдыққан адамның басы ауырып, дене қызбасы көтеріледі («Денсаулық»). Ауру қоздыратын микроорганизмдердің түрлеріне және аурудың дамуына қарай менингиттің бактериалы, вирусті, мерезді, т.б. түрлері ажыратылады (ҚҰЭ).